1 ҚАЗАН- ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ "Қартын сыйлаған елде қасиет бар, олар айтқан сөзде өсиет бар" - деп дана халқымыз ежелден қариясын сыйлаған. 282мектеп-лицейі осындай елеулі күнде 1 қазан - Халықаралық қарттар күнімен еңбек жолын білім беру ісіне арнаған ардагер ұстаздарымызды, барша қарттарды шын жүректен құттықтайды! Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету - ата-бабадан келе жатқан салтымыз, ежелден қалыптасқан адами құндылығымыз. Әсіресе, бүкіл саналы ғұмырын ел дамуы мен жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған қазыналы қарттарымыздың еселі еңбегін ешкім жоққа шығара алмайды, керісінше, «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» деп оларға айырықша ізет көрсетіп, батасын алу – бүгінгі ұрпақтың парызы.
https://282kzl.edu.kz/kz/is-sharalar/2024-2025/1-to-san-2024-2025/186-1-azan-khaly-araly-arttar-k-ni.html#sigFreeId44d5f3b84c