“Үзіліс time” Мектебімізде білім алушылардың қоңырау уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында көңілді үзіліске негізделген "Үзіліс time" жобасы аясында ағылшын тілі пәні бірлестігі бойынша "Do you know?" ойыны өткізілді. Мақсаты:Оқушылардың өткен тақырыптары бойынша білімдерін тексеру.Оқушылардың ой-өрісін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, шапшаңдылықпен, тапқырлықпен жылдам жауап беруіне дағдыландыру. Оқушылар өздігінен ізденіп, білім дағдысын толықтыруға әртүрлі суреттер, сызбанұсқалар, карталармен көп жұмыстар жүргізілді.