"ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ - ҰЛТ ТӘРБИЕСІ”
282 мектеп - лицейінде 19 қыркүйек күні "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" тақырыбында 6 - 7 - сынып оқушыларына қыздар жиналысы өтті.
Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық болмысын сақтай отырып ,қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың денсаулығына ,тәрбиесіне келтіретін зияны туралы түсінік беру , олардың ішкі және сыртқы жан дүниесінің әдемі де арлы болуына шақыру. Жиналысқа 6 қалалық емхананың дәрігерлері келіп, қыздарға жеке бас гигиенасы жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Білім алушыларға денсаулық күтімі мен қыз балаларға қажетті пайдалы кеңестермен бөлісті.