Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында “ОТБАСЫМ-МАҚТАНЫШЫМ” акциясы аясында 12 қыркүйек күні мектеп базасында бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 2 - сыныптар арасында ата - ана мен оқушының біріккен “ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ” интеллектуалды сайыс өткізілді.
Сайыстың мақсаты: ата - ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту.
Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Әр кезең бойынша ата - аналар мен оқушылар өздерінің ұшқыр ойларымен бөлісіп, қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап берді. Сайыс қорытындысы бойынша І орынмен 2 «Ә» сынып оқушысы Бегарыс Елшуақ анасы Әлмағамбетова Мария және 2 «Г» сынып оқушысы Қалиева Әмина анасы Жарқынбай Ғалия алса, ІІ орынды 2 «В» сынып оқушысы Шалқыма Айымжан анасы Нұралы Айдана және 2 «А» сынып оқушысы Төлеген Айша анасы Өмірғалиева Жұлдызай иеленді, ІІІ орынмен 2 «Б» сынып оқушысы Жұмахан Інжу анасы Әбдіқадырова Назерке иеленді. Сайысқа қатысқан аналары мен оқушыларды жетістіктерімен құттықтаймыз!