Тілдер мерекесі қарсаңында 282 мектеп - лицейінде Қазақстан халқы тілдері күніне орай "Тіл мәртебесі - ел мәртебесі" атты апталықтың жабылу салтанаты атап өтілді. Апталық барысында: "Зияткер" интеллектуалды сайысы, "Тілдің шұбарлануы - ұлтқа төнген қауіп" дөңгелек үстелі, "Өлең сөздің патшасы..." мәнерлеп оқу сайысы, "Quiz show" интеллектуалды ойыны, "Язык - мир дружбы" сайысы, "Біз - бір шаңырақ астындамыз" қабырға газеті оқушылар арасында ұйымдастырылып өтілді.Іс - шара соңында ұйымдастырушы - педагог Ермахан Аралбай мырза оқушыларды жүлделі орындармен марапаттап, тіл тазалығын сақтауға шақырды.