“АБАЙ ОҚУЛАРЫ”
Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының өлеңдері әр баланың жүрегінен орын алары сөзсіз. Осыған орай 3 - 4 сыныптар арасында “ТІЛ ДЕГЕН АЛЫП МҰХИТ, ТҮБІ ТЕРЕҢ” “атты Абай оқулары бойынша байқау өткізілді.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау мақсатында ұйымдастырылды. Мектепішілік байқауға қатысушысы поэзияны сүйетін, оны поэтикалык тұрғыда талдай білетін, өлеңді көркем, жатқа мәнерлеп оқитын қабілеті болуы қажет болды. Байқауға қатысушыдан ұлы ақын А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын білуі әрі өлеңдері мен поэмаларын мүмкіндігінше жатқа білу талап етілді. Әділқазылар әділ шешім шығара келе
Мектепішілік байқауда:
1 - орын 3 в сынып оқушысы Абдурахман Айсана “Қыс” өлеңімен жеңіп алды.
1 - орын 4 г сынып оқушысы Тәңірберген Бибізере “Әсемпаз болма әрнеге” өлеңімен жеңіп алды.
2 - орынды 4 ә сынып оқушысы Қожахмет Арсен “Құлақтан кіріп бойды алар”өлеңімен жеңіп шықты.
3 - орынды 3 ә сынып оқушысы Нұрдәулетқызы Нурила иемденді.
Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.Оқушыларымызды құттықтаймыз