“ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП”
282 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 2-сыныптар арасында "Оқы да сурет сал" сайысы өткізілді.
Мақсаты:Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында және өз ойларын ашық айтып, оқиға желісімен сурет салуға ынталандыру.
Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру мақсатында ынтасын арттыруға, әдеби оқулықтарға сүйіспеншілігін оятуға көзделді.
Жас ұрпаққа әлем және қазақ халықтарының озық көркем шығармаларын насихаттау, демалыс уақытында бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға бағыт алды. Оқыған мағыналы кітаптарымен бөлісіп, қызықты әсерлерін жеткізді.
Сайыс нәтижесінде жүлделі 1,2,3 орындармен және алғыс хаттармен марапатталды
https://282kzl.edu.kz/kz/is-sharalar/2024-2025/1-to-san-2024-2025/185-o-y-da-suret-sal-sajysy.html#sigFreeId13a77e0865