”Қыркүйек айының 16-шы жұлдызында мектебімізде білім алушылардың коңырау уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында көңілді үзіліске негізделген “Тоғызқұмалақ” ойынынан сайыс өткізілді. “Тоғызқұмалақ” ойынына мектебіміздің 5-7-сынып оқушылары қамтылды. Дене шынықтыру бірлестігінің ұйымдастырылуымен білім алушыларға тоғызқұмалақтың мыңдаған жылдық тарихының бар екендігін, қазіргі уақытта әлемге әйгілі зияткерлік ойындардың ішінде ерекше маңызға ие ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыз екендігін түсіндіріп өтті. Аталмыш шараның негізгі мақсаты: қатысушыларға ұлттық ойынның тарихын таныстыра отырып, негізгі ережелерін үйрету; оқушыларға тоғызқұмалақтың негізгі шарттарын түсіндіру арқылы логикалық ойлау қабілетін, математикалық амалдарды тез санау, ой - өрісін толық дамыту; ұйымшылдыққа, достық қарым - қатынасқа, ұжымдылыққа, ұлттық рухты қалыптастыруға бейімдеу.