№282 мектеп-лицейінде 1-сыныпқа қабылданған оқушылардың сынып жетекшілері мен мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерімен бірлесе отырып «Мектеп жасына дейінгі орта мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастық» тақырыбында ашық ой алаңы ұйымдастырылды.
Ашық ой алаңының мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалармен жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сатысының 1 – сынып оқушыларын оқытудағы сабақтастық пен байланысты орнату.
Ашық ой алаңына «Гүлфайруз» балабақшасының тәрбиешісі Қодарова Толғанай, «Ералаш» балабақшасының тәрбиешісі Айғаным Зейнелықызы, «Даража-Ана» балабақшасының тәрбиешісі Мақпал Жүсіпқызы, «Сыр берекесі» балабақшасының тәрбиешісі Зарухан Жолдыбай «Шолпанай» балабақшасының тәрбиешісі Арайлық Қуандықова қатысты.
1-сыныпқа қабылданған оқушылардың қаламыздағы балабақшалардан тәрбиешілері қатысып өз ойларын ортаға салды.
Ашық ой алаңы барысында сұрақтар қойылып, мектеп психологтары балабақша тәрбиешілері мен 1-сынып жетекшілеріне тренингтер жүргізіп, постерлер қорғады.