”ОТБАСЫМ - БАҚЫТ МЕКЕНІМ”
Мектеп базасында бастауыш сыныптардың ұйымдастыруымен «Отбасым - бақыт мекенім» атты тақырыпта отбасы күніне арналған ата - аналардың қатысуымен іс - шара өткізілді. Іс - шараның мақсаты: әрбір жеке адам өмірінің маңызды бастауы, рухани өзегі - отбасы екенін түсіндіру. Отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасы ұғымының қоғамдық санамен сабақтасқан ішкі үйлесімін қалыптастыру, әлеуметтік мемлекеттің негізі болар бала мен оның құқығын қорғау.
Іс - шарада ата - аналар отбасындағы құндылықтар қалай насихатталып, бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіріп бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі және ата - ана баланың бас ұстазы екеніндігін түсіндірді.
Іс - шараға Сақтағановтар отбасы, Таланттар отбасы, Шалқыаман отбасы, Рахмановтар отбасы, Қадыровтар отбасы, Дүйсенбековтер отбасы, Дастановтар отбасы қатысты.
Сақтағановтар отбасы тігінмен айналысса, Таланттар отбасы қазақ халқының ұлттық тағамдарының жасалу жолын, Қадыровтар отбасы балаларын өнерге баулыса, Дүйсенбековтер отбасы қамыр илеудің қыр - сырын, Шалқыаман, Рахмановтар, Дастановтар отбасы үйде және далада өсетін гүлдерді, ағаштарды отырғызып, баптаудың жолдарын түсіндірді. Шараға қатысқан барлық отбасы мектеп директорының алғысымен марапатталды.