“ЗОРЛЫҚ - ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ”
Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау - конституциялық заңдылықтың басты талабы. Денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттердің бірі - бала құқығын қорғау, зорлық - зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.
29 қазан күнi 282 мектеп - лицейінде ұстаздарға зорлық - зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру мақсатында "Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында бастауыш сынып мұғалiмi Берденова Назира курста өткен тәжірибесімен бөлісті.
Мақсаты: Қатыгездіксіз жарқын қоғамды құруда әрбір адамның өзгелерге құрметпен қарап, сыйластық танытуы аса маңызды екендігі ұғындыру.