№ 282 мектеп - лицейінің 2024 - 2025 оқу жылының 1 - тоқсаннан кейінгі кезекті демалыс уақытында мұғалімдер арасында уақытты тиімді өткізу, әдістемелік көмек көрсету, тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған "Ақпараттық революция және Smart сабақтар" атты тақырыбында әдістемелік шара өткізілді. Шарада ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Амирбекова Динара, Жақсыбаева Сәуле "Emaze", "Gynzy", "Jeopardylabs" платформаларын қолданып демо сабақ көрсетті. Мұғалімдер мен оқушылар үшін платформалардың тиімді және бір - бірімен кері байланыс орнатуының қолайлы тұстары, тапсырмаларды тексеріп, бағалау, платформаны тегін пайдалану мүмкіндіктерін көрсетті.

Smart сабақтар:

●Ыңғайлы. Оқушы және мұғалім үшін де кез - келген уақыт пен кеңістікте қолдана алуы, оқу процесін шынайы қадағалау.

●Сапалы контент. Электронды оқулықтардың оқу мазмұны Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігімен бекітілген.

●Ортақ терезе. Компьютер, смартфон, гаджеттер, барлық сандық құрылғылар үшін бірдей веб - интерфейс.

●Қолжетімділік. Кез - келген уақытта, кез - келген жерде платформаға қосылу мүмкіндігі.

●Жаңашылдығы. Мұғалім тәжірибесінде әдістер көлемін кеңейту.

●Цифрлық оқулық - Жеңіл портфель.

Сонымен қатар, мұғалімдер үшін инклюзивті білім беруде, жеке, топпен немесе үйден оқитын оқушыларға да тапсырмаларды платформа арқылы тағайындай алады.