Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мақсатында тұрмысы төмен отбасы балаларына арналған «Цифрлық ұстаз» жобасы аясында мектеп базасында жұмыс тобы құрылды.
Құрылған жұмыс тобының негізгі мақсаты: жобаның сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету және тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан балаларға психо-педагогикалық қолдау көрсету және білім алудағы олқылықтардың орнын толтыру, негізгі пәндер бойынша күрделі және көлемді тақырыптарды ЦББР және қолжетімді цифрлық білім беру платформаларын пайдалана отырып, қашықтықтан нысанда түсіндіру.
Құрылған жұмыс тобының жоспарына сәйкес алғашқы әдістемелік отырыс өз жұмысын бастап, алдағы уақытта жүргізілетін жұмыс барысы талқыланды. Мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында директордың бейінді оқыту жұмыстары жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Ш.Жиенбаева олқылықтармен жұмыс түрлерін жасаудағы әдіс-тәсілдерді түсіндіріп өтті.