1 желтоқсан «Тұңғыш Президент» күніне байланысты «Елбасы өмірінен» сахналық қойылымдар
Мақсаты: Оқушылар шығармашылығын арттыру, Тұңғыш Президент өмірімен және ел үшін жасаған еңбектерімен таныстыру, елбасы өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру.
Қатысушылар: 2, 3, 4, сыныптар
Қиялы ұшқыр ойлы адам,
Әлемге болған аты-аңыз.
Ұрпақтың қамын ойлаған,
Аман –сау жүрші, Атамыз!
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және оқушылар! 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күні. Нұрсұлтан атамыз Қазастан Республикасының президенті болып сайланған күннен бастап ел үшін жасаған игі істерінің арқасында біз және сіздер еліміздің болашағы бейбіт елдің ұрпағы болып отырсыздар.
Олай болса біз шарамызды бастамас бұрын оқушылармен елбасымыз Нұрсұлтан атамыз туралы видоролик көріп алайық.
Видеоролик көрсетіледі.
Мінекей оқушылар елбасымыз өздерің сияқты қарапайым оқушы болған, ол озат оқушы болған екен. Спортпен айналыс үнемі салауатты өмір салтын сақтайды, белсенді, ізденімпаз, жаңалыққа жаны құмар болған екен. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан алар өнегеміз көп екен. Олай болса біз бүгінгі негізгі қойылымдар бөліміне кезек берейік.
- 2 - сыныптар
- 3 - сыныптар
- 4 – сыныптар
Керемет қойылымдар болды.
Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтан атамыздай басқарғанын қуаныштымыз! Қазақстан Республикамыздың болашағы сіздедің қолыңызда! Сондықтан да оқушылар біздің алдымызда тек қана бір талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп , түзу өмір сүреміз деп білемін.
Бүгінгі қойылымдарға қатысқан оқушыларға қол шапалақ. Сіздерге рахмет.
https://282kzl.edu.kz/kz/is-sharalar/2023-2024/2-to-san-is-sharalar/97-1-zhelto-san-t-ysh-prezident-k-nine-bajlanysty-elbasy-mirinen-sakhnaly-ojylymdar.html#sigFreeIdfa3efd3d94