«Елбасы ел тірегі» Тұнғыш Президент күніне арналған мерекелік іс-шара сценарийі
Қатысушы: «Сарыарқа» шаңырақ қауымдастығына қарасты 5 «Ә», 6 «А», 7 «А», 8 «Ә» сыныптар.
Мақсаты:
Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
ФОН: Фанфар
1- Жүргізуші:
Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! (Гимн)
Мерекелік құттықтау сөз мектебіміздің директоры Толқын Тұраққызына беріледі.
2- Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді қонақтар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! 1 - желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы ел тірегі» тақырыбындағы мерекелік іс-шараға қош келдіңіздер!
Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса - болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салалық!
Ән: «Елбасы Нұрсұлтан!» 6 «А» сынып оқушылары.
1-Жүргізуші:
Елбасымыз Нұрсұлтан атамыздың бастауы
Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.
Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына елі үшін жасаған еңбектеріне Қазахстан Республикасының жетістіктеріне шолу жасасақ.
Видеоролик
2 – жүргізуші:
«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықтың өз ішінен шықты» дегенде, мұны поэтикалық - асқақ мәнде де, тура мағынасында да түсінген абзал. Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым ауыл отбасында туып - өсті. Оның балалық шағы ауыртпалығы мол соғыс және соғыстан соңғы жылдармен тұстас келді. Ел алапат соғыстан кейін қайта еңсе тіктеп жатқан еді, ең қажетті нәрселер жетіспеді, адамдар үнемі ашқұрсақ болатын.
1 – жүргізуші:
Жас Назарбаев соның бәрін басынан өткеріп, бәрін жеңе білді, өте жақсы білім алып, «от - жалынды» мамандықты игеріп, азамат қатарына қосылды. Елмен жұмыс жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарылады. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болды.
2 – жүргізуші:
Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевты тек «халық арасынан шықты» деп айту аз. Ол халықтың өз қанынан жаралған бір бөлшегі болатын және солай болып қала береді, сонымен қатар ол бұрын - соңды қазақ жерінде туған ең дара ұлдарының бірі екені сөзсіз.
Халықпен осынау тұрақты, айнымас рухани және тікелей байланыс көп жағдайда оның бүкіл ғұмырының бағыты мен мұрат - мақсатын айқындап берді.
1 – жүргізуші:
Тәуелсіздік жылдары Президенттің барлық қызметі, барлық әлеуметтік - экономикалық реформалар тек халықтың игілігі үшін жасалды деп батыл айтуға болады. Қазақстанда барлық деңгейдегі жаңа оқу орындары, ауруханалар салу жалғасуда, қазақстандықтардың өмірі сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асуда. Жүйелі түрде халықпен кездесулер өткізіп, алуан түрлі адамдармен жүздесе жүріп, Нұрсұлтан Назарбаев үнемі «ел тамырының бүлкілін» тап басып, танып отырады. Қазақстанның бірде - бір өңірін, бірде - бір ірі кәсіпорнын назарынан тыс қалдырмайды, республиканың барлық түйткілді мәселелері туралы біледі.
2 – жүргізуші:
Оның халық қамын ойлауы жалпыхалықтық құрмет пен сүйіспеншілік ретінде өзіне қайтты деуге болады. Тәуелсіздік жылдарында еліміздің азаматтары Мемлекетіміздің басшысына терең құрметі мен берік сенімін көрсетті.
1 – жүргізуші:
Халықтың осындай қуатты қолдауы мен сенімі арқасында Президент Қазақстанды дамыған экономикасы, әлеуметтік кепілдіктері және қоғамдағы тұрақтылығы бар озық көшбасшы мемлекеттер қатарына шығара отырып, өз идеялары мен бастамаларын табысты жүзеге асырып келеді.
Осындай Елбасыздың ерен еңбегін халық біледі, ақындар, арнап өлең жазса, Нұрсұлтан атамыз жазған өлеңдерге сазгерлер ән жазып тебіренте ән салдырған. Елбасымызға арнап жазылған өлеңдер легі жетерлік , олай болса сол ақындардың жүректен шыққан жырларын назарларыңызға ұсынамыз.
«Ел үшін туған Елбасы!» 5 «Ә» сынып оқушысы Мажит Адемай
Тәуелсіз еліміздің ұрпақғы салған ән қандай керемет, ортада
Ән: «Тәуелсіз қазақ қызымын!» 7 «А» сынып оқушысы Дүйсеналиева Аружан
«Тұңғыш қазақ Президенті - Нұрағам" 8 «Ә» сынып оқушысы Айдана
2 – жүргізуші:
Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу – маржан шашайық.
Қонақтарды таңдантып,
Өнерден күмбез жасайық.
Елбасы Нұрсұлтан атамызға келесі ән «Ұлт көсемі», орындайтын 9 «Ә» сынып оқушысы Сахитжанова Жаннұр
- Жүргізуші: Ақын ағамыз Қадіржан Алдаховта Елбасына арнап жыр жазған шумақтарын. (Шуағын шашып халқына)
5 «Ә» сынып оқушысы Бахтияр Мейірхан.
2 – жүргізуші:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қандай бала, қандай оқушы, қандай адам болып қалыптасқаны туралы жасынан бірге өскен замандастары нақты мәлімет бермек. Елбасымыздың жас кезінен досы болған, Қарағанды металлургия комбинатында бірге еңбек жолын бастаған замандасы Әмидолла Ермағамбетов атамыздың хабар арнасына берген сұхбатына назар аударсақ.
Видеоролик
Мінекей жастайынан зейінді, ашық мінезді, ізденімпаз, жаңашыл елбасымыз туралы да замандастарының пікірі осындай.
Жүргізуші:
1991 жыл 1 желтоқсан. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Міне сол жылдан бері Қазақстанның Президенті болып, елімізді көркейтім, бүкіл дүние жүзіне қазақстан елін танытты десе болады. Н. Ә. Назарбаевқа арнап шығарған әндер ешқашан толастамас. Сол әндердің бірін 5 «А» сынып оқушылары орындайды.
Ортада «Нұр аға» әнімен 5 «Ә» сынып оқушылары
жүргізуші:
Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған «Үш қоңыр» әні керемет ән, елбасымыз бұл әнді өзінің туған жерінің кереметтігін бейнелей отырып жазғандай. Олай болса осы әнді караоке арқылы барлығымыз орындауға кезек беріліп тұр.
«Үш қоңыр» әні.
Керемет, рахмет сіздерге!
2– жүргізуші: Қорытынды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып, жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» - деген сөзін әрбір азамат жүрегінің терең түрпіріне сақтап, қашанда жадында ұстау керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай?
Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер, желбіретіп, нық ұста!
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата – баба рухына.
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі.
1- Жүргізуші: «Осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізге сезінеміз»
Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын!
Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!
БІРГЕ: Қош сау болыңыздар!
Шараның жүргізілу барысы
А. ФОН: Фанфар
Б. Гимн
С. Директор құттықтауы
- Ән: «Елбасы Нұрсұлтан!» 6 «А» сынып оқушылары.
- Видеоролик (Қазақстан – Елбасы)
- «Ел үшін туған Елбасы!» 5 «Ә» сынып оқушысы Мажит Адемай
- Ән: «Тәуелсіз қазақ қызымын!» 7 «А» сынып оқушысы Дүйсеналиева Аружан
- «Тұңғыш қазақ Президенті - Нұрағам" 8 «Ә» сынып оқушысы Айдана
- Ән «Ұлт көсемі», орындайтын 9 «Ә» сынып оқушысы Сахитжанова Жаннұр
- 5 «Ә» сынып оқушысы Бахтияр Мейірхан.
- Видеоролик (Досы)
- Ортада «Нұр аға» әнімен
- «Үш қоңыр» әні.
Ел үшін туған Елбасы!
Аякөз Сыдық
Гүлденіп елім, көркейді қала жаңарып,
Түрленіп жерім, жаңаша бағыт жол алып.
Ел үшін талай істелді игі жақсы іс,
Ел үшін талай ашылды жақсы жаңалық.
Осының бәрі Елбасым сенің арқаңда.
Ынтымақ пен бірлігіміз жарасты,
Болашақты бағдарлайтын жол ашты.
Даңқың бүгін шырқау көктен әрі асып,
Басын иіп, әлем таныды Алашты.
Осының бәрі Елбасым сенің арқаңда.
Көк төрінде туымыз тұр желбіреп,
Жастарың тұр, елім десе елжіреп.
Еңселі елің құшағын жайып қарсы алар,
Ел үшін туған Елбасым менің келді деп.
Дегендей қазақ «Ер қәдірін – ел білет».
Саясаты салиқалы, сындарлы,
Бағыт-бағдар жолдауыңыз тыңдалды.
Өзің сенген ұландарың айбарлы,
Бағындырып талай биік шыңды алды.
Осының бәрі Елбасым сенің арқаңда.
Астанамыз танымастай өзгерді,
Бас қаламыз – әлем танып көз көрді.
Қуатты ел іргетасын орнатып,
Жаңа кезең, қадам басар кез келді,
Осының бәрі Елбасым сенің арқаңда.
Шуағын шашып халқына
Авторы: Қадіржан Алдахов
Арман еткен бабамыз,
Егеменді ел болдық.
Көбейіп ауыл,қаламыз,
Өзгелерден зор болдық.
Еңбек етіп жасынан,
Күш-жігері тасыған.
Елбасы қамқор бәріне,
Табылды елдің қасынан.
Қия-көкті шарладық,
Танылдық жұрттың бәріне.
Таң қалды әлем бүгінде,
Астананың әріне
Ертеңі үшін елінің,
Еңбек етіп келеді.
Болашақты ойлап бүгіннен,
Маңдай терді төгеді.
Астананың төрінде,
Көптеген іс атқарды.
Нұрсұлтан аға есімі,
Жүректерде жатталды.
Бүкіл қазақ даласын,
Гүл орманға орады.
Әр қазақтың баласын,
Жүрегімен қолдады.
Мерекеңіз бүгінгі,
Құтты болсын Нұр аға!
Шуағын шашып халқына,
Шың басында тұр аға!!!
Тұңғыш қазақ Президенті - Нұрағам
Ахмет Балғынбекұлы
Ата - бабам мың сынаққа шыдаған,
Тәңірден тек Тәуелсіздік сұраған.
Азаттықтың ақ таңы үшін тер төккен,
Тұңғыш қазақ Президенті - Нұрағам.
Сүйеу болған аналарға жылаған,
Тіреу болған балаларға құлаған.
Елдің жерін, арқалаған нар тұлға.
Тұңғыш қазақ Президенті - Нұрағам.
Сыртқа кетіп қалмасын деп сыбаға,
Шекараға қазы қағып, нұраған.
Шетте жүрген қандастардың панасы,
Тұңғыш қазақ Президенті - Нұрағам.
Астанам бар, азатпын деп қуанам,
Топқа түссем көк байрақты ту алам
Тұңғыш қазақ мемлекетті құраушы
Елін сүйген, елі сүйген - Нұрағам!