«Елбасы ел тірегі» Тұнғыш Президент күніне арналған мерекелік іс-шара анықтамасы

 

Өткізілген күні: 30.11.2021

 

Қатысқан сыныптар: «Сары арқа» шаңырақ қауымдастығына қарасты  5 «Ә», 6 «А», 7 «А», 8 «Ә» сыныптар.

 

Мақсаты:

Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.


Шара мектеп директоры Толқын Тұраққызына мерекемен ұжымды және оқушыларды құттықтады.6 «А» сынып оқушылары «Елбасы Нұрсұлтан» әнін хормен орындады. Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына елі үшін жасаған еңбектеріне Қазахстан Республикасының жетістіктеріне шолу жасалды. Ақындардың жүректен шыққан жыр шумақтарын  назарларыңызға ұсынамыз. «Ел үшін туған Елбасы!» өлеңін  5 «Ә» сынып  оқушысы  Мажит Адемай,  «Тұңғыш қазақ Президенті - Нұрағам" 8 «Ә» сынып оқушысы Айдана,  «Шуағын шашып халқына» өлеңін 5 «Ә» сынып оқушысы  Бахтияр Мейірхан оқыды. «Тәуелсіз қазақ қызымын!» әнін 7 «А» сынып оқушысы  Дүйсеналиева Аружан орындады. Елбасы Нұрсұлтан атамызға арналған керемет әнді «Ұлт көсемі» 9 «Ә» сынып оқушысы Сахитжанова Жаннұр орындады. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  қандай бала, қандай оқушы, қандай адам болып қалыптасқаны туралы жасынан бірге өскен замандастары нақты мәлімет бермек. Елбасымыздың жас кезінен досы болған,  Қарағанды металлургия комбинатында бірге еңбек жолын бастаған замандасы  Әмидолла Ермағамбетов атамыздың  хабар арнасына берген сұхбаты көрсетілді.  «Нұр аға» әнін 5 «Ә» сынып оқушылары  орындады.

 

Шара соңында  Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған «Үш қоңыр» әні  караоке арқылы барлық оқушылар, ұстаздармен орындалды.

 

Педагог- ұйымдастырушы: Кисикова Нургул