Діни экстремизм, терроризм — бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп

 

Ашық тәрбие сағаты


Тақырыбы: Діни экстремизм, терроризм — бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп


Мақсаты:
• Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Ұлттық салт - дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс - деп, дінімізді бұрмалап әртүрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, тілімізден, ділімізден, мәдениетімізден, қазақты қазақ етіп көрсететін салт - дәстүрімізден, ұлттық құндылықтарымыздан айырып, халық арасында араздық, дұшпандық, жеккөрушілік, тасбауырлық тудырып, адамның сана сезімін улайтын, әлемдік діндердің атын жамылып теріс бағыт беретін діни секталар туралы діни экстремизм мен терроризмнің мағынасын түсіндіру;
• Студенттерге заңсыз жат діни ұйымдар туралы мағлұмат беру.


Міндеттері:
1. Білім алушыларды идеологиялық тақырыптарға арналған ақпарат көздерімен таныстыру. Жастарға діни экстремизмге қарсы күрес жолдары туралы ақпарат беру.
2. Білім алушылармен бірлескен іс - әрекеті арқылы, сұрақ - жауап пікір бөлісу.
3. Келер ұрпақ жас өренді өмір қауіпсіздігі, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу.


Ұйымдастыру формасы:
Кездесу сағаты


Жабдықталуы:
Лед экран, шарлар


Көрнекіліктер:
Видеороликтер


Тәрбие әдіс - тәсілдері:
Түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап, демонстрация әдістері.
Тәрбие сағатының барысы
1 бөлім.
Би (Толқын, А. Асель, Ксения, Жанатжан, Жазира, Гүлшат, Гүлайым, З. Шырайлым)
Жетекшісі: Гафкенова С. К.
Жүргізуші (Зүра)
Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар білім алушылар! Бүгін біз кездесу сағатымызда халықаралық мәселеге айналып отырған діни экстремизм, терроризм жайлы сөз қозғамақпыз.
Терроризм, экстремизм, радикализм, салафизм ел арасында көптеп тараған терминдер қатарында тұр. Осы терминдерге түсінік беріп өтсек
Терминдер


Гаухартас:
Экстремизм деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс — әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды.


Аяулым:
Ал, «Радикализм» латынның «radix» «түбір, тамыр» деген сөзінен шыққан. Термин саясатқа қатысты пайда болған. Радикализм – қоғамда қалыптасқан әлеуметтік - саяси жүйемен келіспей, оны түбірімен қайта құруды ұсынушы саяси топтың көзқарасы. Сондай - ақ, діни радикализм тіркесі өзге де «діни фундаментализм», «діни фанатизм», «діни экстермизм» секілді лаңкестік әрекеттерге қатысты қолданыла бастады.


Айида:
Терроризм қазіргі таңда әлем індеті. Теrrоr латын сөзі қорқыныш, үрей дегенді білдіреді.
Терроризмнің мақсаты — мемлекеттердің, халықтардың рационалды түрде ойлауларына, бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүрулеріне кедергі жасау. Терроризм - ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсін - дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс.


Балжан:
Терроризмнің ең қауіпті түрі – діни терроризм қаупі төніп тұр. Себебі, біздің мемлекетімізде дінге шек қойылмаған, яғни кез - келген адам өзі қай дінге сенгісі келсе соған сенуге құқылы. Қазіргі таңда бірнеше мемлекетте заңсыз діни ұйымдар белсенді әрекет етуде. Қазақстанда соңғы кезде түрлі діни ағымдардың саны өсіп келеді. Нақты айтатын болсақ, 90 - жылдары діни ағымдардың жалпы саны 10 болса, бүгінде олардың саны шамамен 160 - тан асады.


Бұлбұл:
Айта кететін болсақ, Ахмади ағымы, Исматуллашылар тобы, Уаххабилік - діни - саяси ағым, Иегова куәлары, Таблиғи жамағат
Қоғамдағы қауіп - қатерлердің ең бастысы, халықаралық лаңкестік пен діни экстремизм екені баршаға мәлім. Осыған байланысты елімізде 1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы іс - қимыл туралы» Заң қабылданып, бірқатар діни ағымдардың қызметіне шектеу қойылған.
7 - бап. Терроризмге қарсы іс - қимылды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құзыреті
20 - бап. Адамдардың террористік iс - әрекетке қатысқаны үшiн жауаптылығы көрсетілген
Зура (жүргізуші)


Құрметті көрермендер, бүгінгі тәрбие сағатымызға келген қонақтарымызбен таныс болыңыздар:
Ішкі саясат бөлімінің Дін мәселесін зерттеу орталығының маманы: Садықов Дарын Каукенұлы
Дін мәселесін зерттеу орталығының теологы: Ботақанов Мақсат Дүйсембекұлы
№ 35 ЖОББ мектептің психологтары: Абишева Меруерт Кеңесбекқызы және Баяндинова Үміт Даниярқызы
Құрметті Мақсат Дүйсембекұлы қазіргі таңда қоғамдық орындарда, көшеде қысқа балақтылар мен сақалдылардың қатары көбеюде дін жолында жүрген адамдар мен теріс діни бағытта жүргендерді қалай ажыратуға болады?
Қандай адамдар діни секталарға енуі мүмкін?


Діни секталарға
• Бейтаныс нәрсеге қызығушылығы жоғары;
• Жасөспірімдік кезеңдегі дағдарыс;
• Материалдық жағдайы төмен отбасыдан шыққан адамдар;
• Өзіне деген сенімсіздік пен өмірлік қиыншылықтар алдында қорқыныш болған жағдайда;
• Тұйықтық және қоршаған ортада өзін ашық ұстай алмау кезінде енуі мүмкін.


2 - бөлім Видеоролик (Терроризмнің қаупі туралы)
Толқын(жүргізуші)
Террористік әрекеттер қашан да жариялы түрде жүреді және қоғамға, билікке әсер етуге бағытталады.
Бүгін бізде осы мәселенің басын ашуға сарапшыларымыз бен қонақтарымызды ортаға шақырсақ.........
Толқын(жүргізуші)
Соңғы кездері діни мәселелер ушығып, жат ағымдардың іс әрекеті ашық көріне бастады.
Ойымыздың дұрыс бұрыстығын анықтау үшін сарапшымызға сөз берсек


Асел М:
Кейінгі зерттеулердің Статистикалық деректерге сүйенсек, ХХ ғасырдың 70 - 80 жылдарында күллі дүниежүзінде 5500 - ден астам лаңкестік әрекет жасалып, төрткүл әлемде 500 - ден астам лаңкестік ұйымдар әрекет еткен екен.


Топ жетекшісі: Нұрғазы М. Т.

Діни экстремизм, терроризм — бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп. жүктеу

 

Тақырыбы: «Діни экстремизм-әлемге төнген қауіп»

 

Мақсаты: а) Оқушыларға экстремизм,терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру;
ә) Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;


б) Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.


Өтілу түрі: ойталқы, пікірталас.


Көрнекілігі: бейнефильм, слайдтар,суреттер, Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы,дін саласындағы негізгі мәселелер бойынша материалдар жиынтығы.

 

Тәрбие сағатының жүргізілу барысы.

 

Сұрақ Дін дегеніміз не? Сіз қандай діндерді білесіз?

Экстремизм дегенімізді қалай түсінеміз?

 

Экстремизм деген латын сөзі «ең соңғы, ақырғы, төтенше», «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс - әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды». Бұл оның ең алғашқы кезеңдері болып саналады. Сондай ақ тағы бір көрінісі - өзгелерді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Міне осы себептерден, түрлі төңкерістер мен қантөгістерден орын алуы ықтимал.


Экстремизм мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін ешнәрседен қаймықпайды. Тіпті өздерін құрбан етуге әзір. Осылайша күш, қару қолдану және заңдар сенім - нанымдарды аяққа таптап, дін атын бүркемелеп, діттегендеріне жетуге тырысады. Өзі үшін бөгде пікірде саналатындарды түрлі амал - айлалармен арандатуды ойластырады. Экстремизм діндегі жеңілдеткен үкімдерді ауырлатып көрсетіп, халыққа түймедейді түйедей етіп көрсетіп бағады. Мұсылмандық адал, таза тіршілікті лайлауға барынша тырысып баққан, бөгде, бөтен пасық пиғылды адамдардың өңмеңдеп арамызды арамдап жатқан жасырын емес. Сол ағымдардың алдауына, азғыруына көніп, солардың қарамағына ілінген, қарагөз бауырларымызды ойлағанда, өзегіме өрт түскендей өкінішті сезесің. Қаншама қандас бауырларымыз діни сауатсыздықтың, рухани дүниенің таяздығы салдарынан осы теріс ағымдардың қол - шоқпары бола, солардың жыртысын жыртып, сойылын соғып жүр.Әрине, экстремизмнің түрлерінің бәрі – терроризм, расизм, этноцид, геноцид – бәрі де күш қолдануға сүйенген. Экстремизмнің бүгінгі таңда кең тараған түрі – терроризм. Terror – латын сөзі – қазақшаға аударғанда қорқыныш, үрей деген мағынаны білдіреді. «Терроризм» – араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады, мағынасы – «қорқыту». Тероризм мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйымдар. Олар өз мүдделерін жүзеге асыру үшін небір озбыр әрекеттерге барады. Билік пен байлыққа қол жеткізу үшін ештеңеден тайсалмайды. Билікті орнынан кетіріп, дінді сылтау етіп, адамдар өміріне қауіп ұялатады. Қоғам арасында алауыздықты тудырып, тыныштықты бұзады.

 

Видеоролик «Сириядағы жағдай»

 

Қандай адамдар қауіп-қатерге ұшырайды және осындай ұйымдық топтардың құрығына түсіп қала алады?

 

- Дін туралы аз білімді, материалдық күйзеліске ұшырағандар,рухани құлдырауға жол берген адамдар т.с.с
Қандай діни атты жамылған ұйымдарға тыйым салынған және оларға енуге болмайды?

 

-«Салафиттер» немесе салафилер ұйымы 7 шелпек пісіруге, бейіт басына баруға, ата - баба басында құран бағыштауға қарсы. Атырау қаласында кең тараған. «Салафи» сөзі Құранның бірнеше жерінде кездеседі. Негізінен «алдыңғы өткендер», «бұрынғылар» деген мағынаны береді. Ал қазіргі заманның салафилерінің іс - әрекеттері Құран аяттарын өз беттерінше өзгертіп алған.


«Такфиршілер» ұйымы. Олар өздерін таза мұсылмандар санап, өзгелерді кәпірге есептейді екен. Египетте бастау алған бұл ағым өзге мұсылмандармен араласпайды, мешітке бармайды. Мұсылмандар арасында жік салушы. Мемлекеттің саяси бағытын қабылдамайды. Олар дін ақиқатын білуге талпынбайды. Ағым мұсылмандар арасында іріткі салып, олардың бірлік - ынтымағын бұзуға тырысады. Дау - жанжал туғызу арқылы мемлекеттің саяси - экономикалық бағдарламасының нығаюына кері ықпал жасайды.


«Таза ислам» деп аталатын діни ағым өкілдерінің ниеттері - ұстанымдылық пен Алладан қорқушылық қағидаларын аяқ асты етіп, Исламға жат жоспарларын жүзеге асыру. Олар адам ұрлаумен, қарақшылықпен айналысады. Осындай 7 адамнан тұратын топ 2008 жылдың желтоқсан айында ұсталған екен.
«Таблиғ жамағаты». Нақты тұжырым жасасақ, бұл «дін уағыздаушы топ» деген ұғымды білдіреді. Олардың екінші бір аты - «дағуатшылар», қазақшалағанда үгіт, насихат жүргізу, шақыру. Олар Ислам дінін өздері құрған ереже бойынша насихаттайды. Өздерін саясаттан бөлек ұстайды. Сақал қойып, ұзын көйлек киеді. Туған күнге, ұйымның іс - әрекетіне тыйым салған.


«Нұршылар жамағаты» Түркияда пайда болған. Ұйымның мақсаты – мемлекет әкімшілігіне қарсы шығатын діни фанат адамдарды тәрбиелеу. Бұл ағым елімізге 1992 жылдан бері келе бастаған. Өздері басып шығарған уағыз парақшаларын тарату арқылы қатарларын толықтыруға тырысады.
«Қадиян» тобы Үндістанда пайда болған. Адасқан ағымдардың бірі. Мұсылмандарды діннен аластату мақсатында пайда болған. Отанды қорғауды қажет деп есептемейді. Зиянды, жағымсыз әдеттермен мұсылмандар арасында жан - жақты идеологиялық күресті күшейтіп, төңкеріс арқылы қол жеткізуді көздейді.


Хизбутшылар мемлекеттік шекараны мойындамайды. Олардың мақсаты:
1) бейбіт жатқан мемлекеттерде азамат соғысын ұйымдастыру;
2) мемлекеттің экономикасын құлдырату;
3) ұлтаралық, дінаралық бүліктер туғызу;
4) мемлекеттерге қару - жарақ есірткі заттарын тасымалдап апару. Ағым мүшелері біздің елімізде де кездеседі. Олар Ислам атын жамылып өз мақсаттарын, жаман істерін жүргізушілер. Олардан аулақ болайық.


«Уаһһабилер»Сауд Арабиясында дүниеге келген.
Мұхаммед ибн Абдуллуаһһаб деген адам астыртын жіберілген ағылшын тыңшыларымен байланысып, солардың ақыл - кеңесімен «Уаһһабия» деген ағымның негізін салған. Олар мәдениетті, өнерді мойындамайды. Уаһһабия ағымының белгілері:
1) мемлекет заңдарына бағынбайды; 2) пайғамбарымыздың кейбір хадистерін мойындайды; 3) әулиелерге зиярат жасауға болмайды деп есептейді; 4) садақа беруге мүлдем қарсы, мешітке кіріп намаз оқымайды; 5) мемлекеттің тәуелсіздігін нұқсан келтіреді. Өкінішке қарай, біздің мемлекетімізде де осы қауіпті ағым жолын ұстанушылар кездеседі. Олар ата - аналарын сыйламайды. Туыстарымен қатынаспайды. Бұл ағымда Ислам өркениеттің күш алып кетуінен қорыққан еуропалықтардың әрекеті бар.


Секталар: «Иегова күәгерлері», кришнаиттер, саентологтар, мунистер, баптистер. Олар дін жолын табыстың көзіне айналдырған. Күллі әлемді евангелиендіру саясатымен Америкадан әлемнің түкпір - түкпіріне мыңдаған миссионерлер жөнелтуде.
Секта - орталық шіркеу немесе мешіттен бөлектенген діни топ, қауым, бас пайдасы, жеке мүддесі үшін халықтан қол үзген топ.

 

Пікірталас. «Террорлық әрекеттердің белең алуы неліктен?»

 

Оқушылар өз ойларын айтады:
- Діни секталардың таралуы;
- Ашық дипломатиялық саясатымызды пайдаланып, заңсыз секталардың енуі;
- 18 - 30 жас аралығындағы ешқандай діни, саяси, қоғамдық пікірі қалыптаспаған, имандылық, патриоттық сезімдері жетілмеген жастар барады.
- Террористік іс - әрекетке тек ер адамдар емес, әйел адамдар да барады. Қазіргі кезде жанкешті - мерген әйел адамдардың көбеюі байқалады.

 

Қорытынды:

Қазіргі күні бір Қазақстан емес, Евразия кеңістігін мекендеген мұсылман халықтарының басына түскен басты нәубет – діни экстремизм десек жаңылыспаймыз.

 

Жер-жаһанды жаулаған экстремизм, терроризм. Бұл кесел жаңа ғасырда белең ала бастаса да әлемнің біраз мемлекетін қан қақсатып үлгерді.Сол себепті де елбасымыз осы діни алауыздықтың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын құрды.

 

Елбасымыздың айтқандай, татулық пен келісім «біздің көп ұлтты үйде – бұл Қазақстанның басты игілігі». «Біздің негізгі мақсатымыз – халықтың бірлігін сақтау».