11  қазан Халықаралық қыздар күні аясында өткізілген  «Қызға қырық үйден тыйым!» тақырыбындағы дөңгелек үстел.

Дөңгелек үстелге:  5-7  сыныптың қыздары қатысты.

Мақсаты: Қыздармен  әңгімелесе  отырып  ар-намысын, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында  абыройлы болуға  тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын   қалыптастырудағы  ой  өрісін дамыту, зиянды  әрекеттерге  еліктеудің,  қызығудың  өмірлеріне  қауіп тудыратынын ескерту.  
«Қазақтың қыздары»  видеоролик  тамашалады қазақтың қыздары туралы әңгімеледі.

«Мақалды жалғастыр» ойыны ойнатылып қыздар  мақалды жалғастырып айтты және мақалды  мағынасын талқылады.  Қыздар топқа бөлініп гүлдердің суретін салып, «21-ғасыр қыздары қандай?» деген сұрақтарға сын есімдер жазды және келтірді.  Ойларын айтты. Қыздармен  караоке  арқылы «Қазақ қызы керемет» әнін  хормен орындалды.   Қазақтың қыздарға байланысты айтылған тыйым сөздері айтылып түсіндірме жасалды.

Қыздар осы тыйым сөздерді әр уақытта естен шығармаңдар!

Арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ел батырлары Отанымыздың байтақ жерін, ақ сүт берген анасын, пәк күлкі шашқан баласын, парасатты данасын қорғады. Осы әділет жолында қасық қанын қиып ұрыс даласында ерлікпен шайқасқан батыр қыздарымыз бен қаһармандарымыз әрқашанда ел есінде, оларды еске алып, құрмет көрсету біздің парызымыз.

Оқушылар , қыздарым, бүгінгі тәрбие шарамыз одан әрі қызық өтуі үшін бір сергіп алайық дегім келеді. Кәне, сол себепті барлығымз орнымыздан тұрып ән айтып алайық. Көңіл күйімізді көтеріп алайық.

(Қазақ қызы әдемі» әнін барлық қыздар кораокеде орындайды).

Мұғалім: Қыз − өмірдің гүлі, барлық адамзаттың қадірлеп, аялайтын асыл аруы десек те артық емес. Қыз баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген. Жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты әрбір қазақ қызының бойына сіңіріп өсірген.

Белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева "Өмірде қыз болу бар да, нағыз қазақ қызы болу мүлдем бөлек" деген пікір айтқан. Сол тәрізді ата-дәстүр, салт-сананы берік ұстанып өскен қазақ қызы қай ортада болсын, өзінің ерекше болмысымен көзге түсетіні анық. Қазақ қызының бойындағы асыл қасиеттерімен бірге сыр-сымбаты да өзге ұлттан дараланып тұруы тиіс.

Әрбір баланың өмір жолы, тәрбиесі отбасынан, одан соң мектеп қабырғасынан бастау алары сөзсіз. Сондықтан да, мектепте оқып жүрген қыз бала, ол − үйдегі ата-ананың көз қуанышы, мектепте ұстаздарының мақтанышы бола білуі тиіс.

Мұғалім: Сонымен «Мен қазақтың қызымын» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетіп отыр. Шарамызды қорытындылай келе бүгін біз адамгершілік, имандылық туралы мағлұмат алдық. Сіздер қай жерде болсаңдар да әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа  баурап жүрулеріңіз керек. Өмір сіздерден осыны талап етеді, оқушылар.


Назар салып тыңдағандарыңыз үшін көп рахмет. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!!