«Қызға қырық үйден тыйым!» тақырыбындағ дөңгелек үстел жоспары

 

-Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен сұлу қыздар!

Бүгінгі біздің «Қызға қырық үйден тыйым!» атты шарамызды қощ келдіңіздер!

Мақсаты: Қыздармен  әңгімелесе  отырып  ар-намысын, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында  абыройлы болуға  тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын   қалыптастырудағы  ой  өрісін дамыту, зиянды  әрекеттерге  еліктеудің,  қызығудың  өмірлеріне  қауіп тудыратынын ескерту.  
(Қазақ қызы әдемі» әнін барлық қыздар кораокеде орындайды).

Мұғалім: 

Жүргенде сендер тамаша-ақ,

Қазақтың ғажап даласы.

Өздеріңсіңдер болашақ,

Ұрпақтың ұлы анасы.

1.      «Қазақтың қыздары» Видеоролик  тамашалайды,  талқылайды.

Қазақ халқы қыз баланың қадір қасиеті мен қылығы ұлттық ұлылығын танытады деп халықтық болмыспен астастырған.Сондықтан қыздың тәрбиесіне ерекше мән беріп, сол тәрбиені қалыптастырудың жолына барлық игі жақсылықтарды топтастырған. Қазақ қауымында қыз баланың орны айрықша болған. Ата-бабаларымыз қызды қонақ деп есептеп, барған жерде бағының ашылуын үйде отырып қамдаған. Барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған. Еркін ұстаған , бірақ тым еркінсітпеген. «Қыз – өріс , ұл – қоныс» деп білгендіктен қазекем өрісін кеңейтер қыз балаға айрықша көңіл бөлген. «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» дей отырып , «қызға қырық үйден тиым» жасайды.

Ал ендеше сұлу қыздар кезекті ойынымызға берейік!

«Мақалды жалғастыр» ойыны

Ойынның шарты тақтада қыз баласы туралы мақал-мәтелдер берілген. Осы бойынша мақал-мәтелдерді жалғастыруымыз қажет.

Ойынның шарты түсінікті болса , ендеше бастаймыз! Сәттілік!

Қызға қырық (үйден тиым)
Қыз өссе елдің көркі, (гүл өссе жердің көркі)
Әке тұрып ұл сөйлегеннен без (шеше тұрып қыз сөйлегеннен без)
Қыз қылығымен (сүйкімді)
Қызы бардың (назы бар)
Шешесін көріп (қызын ал)

( Тақтада мақал-мәтелдер көрсетіліп, оқушылар жалғасын табады )

 

Керемет оқушыларым !

Мұғалім: Келесі тапсырма қыздар сіздерге гүлдердің суреттерін  салыңыздар. және қыз баласы қандай болуы керек екендігі туралы  , өз ойларыңызды жазып таныстырасыздар.

(Қыздар гүлдерді салады және қысқаша мәлімет беріп түсіндіреді)

Мұғалім: 

Қызға қырық үйден тыйым
Түске дейін ұйықтауға тыйым,
Бұраңдап қылымсуға тыйым!
Тамақты обырлана асауға тыйым,
Ұрлық - қорлыққа тыйым.
Салт - дәстүрден аттауға тыйым,
Ұрыс - керіске тыйым.0


Қыздар осы тыйым сөздерді әр уақытта естен шығармаңдар!
Арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ел батырлары Отанымыздың байтақ жерін, ақ сүт берген анасын, пәк күлкі шашқан баласын, парасатты данасын қорғады. Осы әділет жолында қасық қанын қиып ұрыс даласында ерлікпен шайқасқан батыр қыздарымыз бен қаһармандарымыз әрқашанда ел есінде, оларды еске алып, құрмет көрсету біздің парызымыз.

Оқушылар , қыздарым, бүгінгі тәрбие шарамыз одан әрі қызық өтуі үшін бір сергіп алайық дегім келеді. Кәне, сол себепті барлығымз орнымыздан тұрып ән айтып алайық. Көңіл күйімізді көтеріп алайық.

(Қазақ қызы әдемі» әнін барлық қыздар кораокеде орындайды).

Мұғалім: Қыз − өмірдің гүлі, барлық адамзаттың қадірлеп, аялайтын асыл аруы десек те артық емес. Қыз баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген. Жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты әрбір қазақ қызының бойына сіңіріп өсірген.

Белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева "Өмірде қыз болу бар да, нағыз қазақ қызы болу мүлдем бөлек" деген пікір айтқан. Сол тәрізді ата-дәстүр, салт-сананы берік ұстанып өскен қазақ қызы қай ортада болсын, өзінің ерекше болмысымен көзге түсетіні анық. Қазақ қызының бойындағы асыл қасиеттерімен бірге сыр-сымбаты да өзге ұлттан дараланып тұруы тиіс.

Әрбір баланың өмір жолы, тәрбиесі отбасынан, одан соң мектеп қабырғасынан бастау алары сөзсіз. Сондықтан да, мектепте оқып жүрген қыз бала, ол − үйдегі ата-ананың көз қуанышы, мектепте ұстаздарының мақтанышы бола білуі тиіс.

Мұғалім: Сонымен «Мен қазақтың қызымын» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетіп отыр. Шарамызды қорытындылай келе бүгін біз адамгершілік, имандылық туралы мағлұмат алдық. Сіздер қай жерде болсаңдар да әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа  баурап жүрулеріңіз керек. Өмір сіздерден осыны талап етеді, оқушылар.

Назар салып тыңдағандарыңыз үшін көп рахмет. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!!