№282 мектеп - лицейі
«Үлгілі отбасы» сурет көрмесі
Өткізетін: Педагог-ұйымдастырушы
Күні: 15.09.2021 ж
2021-2022 оқу жылы «Үлгілі отбасы» сурет көрмесі
Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Үлгілі отбасы» тақырыбындағы көрме жұмысына қош, келдіңіздер!
2013 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жарлығына сәйкес қыркүйек айының 2 ші жексенбісі Отбасы күні болып белгіленген болатын. Отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпал мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсені еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.
Міне осы Отбас күні қарсаңында бастауыш сыныптар арасында «Үлгілі отбасы» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылып отыр.
Мақсаты: Білім алушыларды шығармашылық әрекетке тарту, дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың танымдық қызығушылықтарға ынталандыру. Балаларда шығармашылық және көркемдік қиялдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік туғызу. Отбасы туралы түсініктерін қалыптастыру, отбасы мүшелеріне сүйіспеншіліктерін арттыру. Оқушылардың өздерінің салған суреттері туралы ашық, еркін айтуға уйрету.
- Ұйымдастыру кезеңі.
* Сынып жетекшілермен сурет салуға қызығушылықтары бар балаларды тізімін жасау.
* Сынып жетекшілерімен және Бейнелеу пәні мұғалімімен бірлесіп * * «Үлгілі отбасы» тақырыбында сурет салуды ұйымдастыру.
* Оқушылардың суреттерін жинақтап, көрме жасау және оқушыларды өздері салған суреттерін қорғауға үйрету.
* Бастауыш сыныптың сурет салуға қызығушылығы бар оқушылар қатыса алады.
* Әр сыныптан 1 және оданда көп бала қатысуына болады.
- Қойылатын талаптар:
Сурет салуда:
* Ойлау ерекшелігі
* Орындау эстетикасы
* Түстердің жарасымды қолдану, бейне, композициясы,
* Суреттің түпнұсқалығы
Жүргізілуі:
Құрметті ұстаздар, оқушылар Бүгінгі бастауыш сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған «Үлгілі отбасы» тақырыбындағы суреттер көрмесінің жұмысын бастаймыз!
«Үлгілі отбасы» тақырыбында өздерінің отбасының суреттерін салып бүгінгі көрмеге алып келген оқушыларымыз:
Жарайсыңдар оқушылар! Енді осы «Үлгілі отбасы» тақырыбында салған суреттеріңіз туралы айтып берсеңіздер!
Барлық бала суреттегі отбасы мүшелері туралы, суретті қалай және кіммен салғаны, отбасы туралы қысқаша айтады.
Қорытынды сөз:
Барлық көрмеге қатысып белсенділік танысқан оқушыларды «Алғыс» хаттармен марапаттаймыз!