№282 мектеп-лицейі
15.09.2021 ж.
«Үлгілі отбасы» сурет көрме жұмысының
АНЫҚТАМАСЫ
2013 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жарлығына сәйкес қыркүйек айының 2 - ші жексенбісі Отбасы күні болып белгіленген болатын.
Міне осы Отбасы күні мерекесі қарсаңында бастауыш сыныптар арасында «Үлгілі отбасы» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылып өткізілді. Шараға бастауыш сыныптардан 33 оқушы қатысып, тақырып аясында салған суреттерін қорғап таныстырды.
Отбасы күні мерекесі қарсаңында өткізілген сурет көрмесіне оқушылар белсене қатысып өз жұмысын көрсеткендері үшін мектеп директорының Алғыс хаттымен марапатталды.
Директордың оқу ісі –жөніндегі орынбасары: Тұрымтаева Ботагөз және Бейнелеу пәні мұғалімі: Сүлейменов Қайрат шараға қатысып шараны қорытындылады.
Мақсаты: Білім алушыларды шығармашылық әрекетке тарту, дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың танымдық қызығушылықтарға ынталандыру. Балаларда шығармашылық және көркемдік қиялдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік туғызу. Отбасы туралы түсініктерін қалыптастыру, отбасы мүшелеріне сүйіспеншіліктерін арттыру. Оқушылардың өздерінің салған суреттері туралы ашық, еркін айтуға уйрету.
Алдын-ала жасалған жұмыстар:
* Сынып жетекшілермен сурет салуға қызығушылықтары бар балаларды тізімін жасау.
* Сынып жетекшілерімен және Бейнелеу пәні мұғалімімен бірлесіп * * «Үлгілі отбасы» тақырыбында сурет салуды ұйымдастыру.
* Оқушылардың суреттерін жинақтап, көрме жасау және оқушыларды өздері салған суреттерін қорғауға үйрету.
* Бастауыш сыныптың сурет салуға қызығушылығы бар оқушылар қатыса алады.
* Әр сыныптан 1 және оданда көп бала қатысуына болады.
Нәтижесі: Көрме жұмысы фото суреттері №282 мектеп –лицейдң Фейсбук парақшасына жарияланды.