«Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбындағы ардагер және ардегер ұстаздар мен кездесу кешінің
АНЫҚТАМАСЫ
Мақсаты:
Оқушылардың бойына халқымыздың қадір - қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата - бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Жүргізуші: Ақжібек
3 «А» сынып оқушысы Нұржанұлы Нұрперзент, 1 «Б» сынып оқушысы Нұржанқызы Айша «Менің әжем дара» әні орындады.
Кеш қонақтары - Мектебіміздің ата-анасы ардагер ұстаз ақжаулықты ана 2 «Ә»сынып оқушысы Дүйсенгелді Даниярдың сүйікті әжесі Әбілхайырова Дариға әже.
- Мектебіміздің ардагер ұстазы балаларды білім нәрімен сусындатып, аянбай еңбек етіп жүрген ағылшын пәні мұғалімі,ұстазымызАхметова Дәметкен Тұрсынбайқызы.
- Мектебіміздің тех қызметкері біздің және мектебіміздің қауіпсіздігін сақтап отырған ақсақал атамыз Қазиев Теңізбай Мирзадинұлы.
- Мектебіміздегі тағы бір ардақты ұстазымыз, физика –математика пәнінің мұғалімі Ибраева Света Жүсіпқызы.
- Мектебімізді таза ұстап, таза сыныпта білім алып, оқуымыз үшін еңбек етіп жүрген үлкен апайымыз Сүндетбаева Аққағаз Қалданқызы.
Салтанатты жиынды мектебіміздің директордың міндетін атқарушы Жұмағұлова Толқын Тұраққызына ашып , құттықтады.
- Дариға әжей өзіннің білім саласына қосқан үлесі, еңбек жолы туралы әңгімеледі.
«Ходит наша бабушка палочкой стуча» 4 «Б» сынып оқушысы Қуандық Жаннұр оқып берді.
- Теңізбай ата өзі туралы, өмір жолы иуралы қысқаша әңгімеледі.
«Атам менің» Есенбек Нұрислам
«Ата» Қайратқызы Салтанат
«Атам менің аманда» Кенжебек Амина
- Дәметкен апай оқушыларға өзінің қызықты жас кездері туралы
әңгімесін айтты.
Ән: «Әжем» 2 «Б» сынып оқушысы Асылбек Айша
- Света апай мектеп алғаш мұғалім болып келген күндері туралы айтып,
оқушыларға білімді болуға, жақсы оқуға шағырды.
Өлең: «Әжеге құттықтау» 3 «В» сынып оқушысы Жұмажан Әзиза.
- Аққағаз апай мектептегі өзінің жақсы оқушы болғаны туралы, сыныптастары туралы әңгімесін айып берді.
Ән: «Ағатайым» Нұрперзент пен Айша орындады.
Оқушыларға «Ашық микрофон» ұсынылды кеш қонақтарына сауалдарын қойып , жауаптарын алды.
- Дариға әже: Сіздің ұстаз болған кезіңізде есіңізде қалған оқушыңыз бар ма! Қандай ерекшелігімен есіңізде қалды.
- Теңізбай ата: Мектепте сіз қандай оқушы болдыңыз?
- Дәметкен апай: Мектепте жұмыс жасап жүргенде есіңізде қалған қызықты ситуация немесе жағдай айтсаңыз?
- Аққағаз апай: Ұстаздарыңыздың есімі есіңізде ме? Ұстазыңызды сипаттап бере аласыз ба?
- Света апай: Ұстаздық жолын не себепті таңдадыңыз? Ең алғашқы мүғалім болып сабақ берген күніңіз туралы айтып бересеңіз?
Ән: «Ұстазым» әнімен 9 сынып оқушылары: Айжан, Самал.
Кеш соңында ата-әжелеріміз оқушыларға ақ батасын берді. Мектебіміздің атынан сыйымызды берілді.
Педагог-ұйымдастырушы: Н. Ж. Қисықова
Тәлімгер: А.С. Пайзуллаев