«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»
Мақсаты:
Оқушылардың бойына халқымыздың қадір - қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата - бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Жүргізуші: Мерекеңіз құтты болсын ата-апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма!
Зейнетіне жеттіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
Қадірлі ата-әжелер бүгінгі күні біз сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.
Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер. Бүгінгі қарттар күніне орай мектебімізде ұйымдастырылып отырған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік кездесу кешіне қош келдіңіздер.
Жүр: Асыл әжем, мақтанышым менің де
Қонақ болып отыр міне төрімде
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен
Ән салатын кезім келді меніңде
3 «А» сынып оқушысы Нұржанұлы Нұрперзент, 1 «Б» сынып оқушысы Нұржанқызы Айшаның орындауында «Менің әжем дара» әнін қабыл алыңыздар.
Жүр: Рахмет, сендерге керемет! Ал енді бүгінгі кешіміздің қадірменді қонақтарын ортамызға шақырып төрімізге отырғызып алайық.
- Мектебіміздің ата-анасы ардагер ұстаз ақжаулықты ана 2 «Ә»сынып оқушысы Дүйсенгелді Даниярдың сүйікті әжесі Әбілхайырова Дариға әжеміз келіп отыр. Дариға әже білім саласында 30 жылға жуық еңбек еткен ардақты ұстаз! Әжеміздің әкесі балаларға арнап өз кезінде мектеп салдырып, білім ұрпақ тәрбиеленуіне зор үлесін қосқан ұлағатты ұстаз болған екен.
- Келесі конағымыз мектебіміздің ардагер ұстазы балаларды білім нәрімен сусындатып, аянбай еңбек етіп жүрген ағылшын пәні мұғалімі, ұстазымыз Ахметова Дәметкен Тұрсынбайқызы.
- Мектебіміздің тех қызметкері біздің және мектебіміздің қауіпсіздігін сақтап отырған ақсақал атамыз Қазиев Теңізбай Мирзадинұлы.
- Мектебіміздегі тағы бір ардақты ұстазымыз, физика –математика пәнінің мұғалімі Ибраева Света Жүсіпқызы.
- Келесі қонағымыз, біздер үшін мектебімізді таза ұстап, таза сыныпта білім алып, оқуымыз үшін еңбек етіп жүрген үлкен апайымыз Сүндетбаева Аққағаз Қалданқызы.
Ендеше бүгінгі салтанатты жиынымыздың ашып беру үшін құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директордың міндетін атқарушы Жұмағұлова Толқын Тұраққызына беріледі.
Жүр: Ата-әжелер қош келіпсіздер! Бүгін әжелеріміз үшін қос мереке екенінде айта кетейік, ардақты ұстаздар мерекесіменде құттықтап кетуге рұқсат беріңіздер. Ата-әжелер мерекелеріңіз құтты болсын. Асқар тау аталарымыз ақ жаулықты әжелеріміз аман болсын. Дендеріңіз сау болсын. Бүгінгі күн сіздермен қызықты болмақ.
Қарт кісіні құт - береке деп танысақ - ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата - ана әр кезде де бақытты.
Біздің бәріміздің ата - әжелеріміз бар. Ендеше бүгінгі кешіміздің қадірлі қонақтарына сөз кезегін берсек. Ата және әжелер Өздеріңізді таныстырып, еңбек жолдарыңызбен, өнегелі істеріңізбен, ақыл кеңестеріңізбен бөліссеңіздер.
- Дариға әжей сөз өзіңізде:
Орыс тіліндегі өлең шумақтары сіздерге арналады: «Ходит наша бабушка палочкой стуча» 4 «Б» сынып оқушысы Қуандық Жаннұр
- Теңізбай ата:
Ата немерелеріңіздің жыр шумақтарын қабыл алыңыз:
«Атам менің» Есенбек Нұрислам
«Ата» Қайратқызы Салтанат
«Атам менің аманда» Кенжебек Амина
- Дәметкен апай:
Ән: «Әжем» 2 «Б» сынып оқушысы Асылбек Айша
- Света апай:
Өлең: «Әжеге құттықтау» 3 «В» сынып оқушысы Жұмажан Әзиза.
- Аққағаз апай:
Ән: ______________________ Нұрперзент пен Айшаның орындауында тамашалайық.
Жүр: Рахмет сіздерге ата, әже жақсы сөздеріңіз үшін, ел үшін ұрпақ үшін жасаған еңбектеріңіздің үшін. Енді сіздерге мектеп оқушыларының сауалдары бар екен. Олай болса «Ашық микрофон» айдары оқушылар келген қонақтарға өз сауалдарыңызды қойсыңыздар болады.
- Дариға әже: Сіздің ұстаз болған кезіңізде есіңізде қалған оқушыңыз бар ма! Қандай ерекшелігімен есіңізде қалды.
- Теңізбай ата: Мектепте сіз қандай оқушы болдыңыз?
- Дәметкен апай: Мектепте жұмыс жасап жүргенде есіңізде қалған қызықты ситуация немесе жағдай айтсаңыз?
- Аққағаз апай: Ұстаздарыңыздың есімі есіңізде ме? Ұстазыңызды сипаттап бере аласыз ба?
- Света апай: Ұстаздық жолын не себепті таңдадыңыз? Ең алғашқы мүғалім болып сабақ берген күніңіз туралы айтып бересеңіз?
Ән: «_____________» әнімен ___ «___» сынып оқушысы ____________________
Қорытынды.
Құрметті оқушылар, ұстаздар, бүгінгі кешіміздің қадірменді қонақтары! Өздеріңіз көріп отырғандай Мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен ата - әжелеріне деген құрметтерін тамашаладық. Сіздерге үлкен рахмет айтамыз. Халық тағылымында біздің даналы сөздеріміз текке айтылмаған. Оның бәрі қажеттіліктен туған нәрсе. Сондықтан бүгінгі айтылған үлгі өнегелі сөздеріміздің мәнін үнемі есте сақтап, жадымызда ұстап жүруіміз керек «Үлкенге құрмет, кішіге ізет», бұл мақалдың айтары зор. Үлкенге құрмет үлкенді сыйлаудан басталады емес па?! Сәлем беру, көмек көрсету, үлкеннің жолын кеспеу, қол ұшын беру - әдептіліктің, ізеттіліктің ерекше белгісі. «Қарты бар ел – қазыналы ел» дейді халқымыз. Сондықтан сол қазынамызды қастерлей білу, олардың қарттығын мұңсыз өткізуге жағдай жасау - біздің парызымыз дей келе бүгінгі әдемі кешімізді аяқтай отырып бүгінгі аса қадірменді қонақтарымыз ата-әжелерімізден батасын алайық. Оқушыларға арнап ақ баталарыңызды берсеңіздер.
Дариға әже сізге алыстан ат терлетіп келіп оқушыларға ақыл кеңесін беріп, ақ тілегіңізді арнап уақыт бөлгеніңіз үшін үлкен алғысымызды айтамыз.
Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын! Сіздерге мектебіміздің атынан азғантай сыйымызды қабыл алыңыздар.
Келесі кездескенше аман болыңыздар!!!