«Күз аруы -2021» байқауының анықтамасы

 

Өткізілген күні: 20.10.2021

Сағ: 12.00

Қатысушылар: 5-7, 8-9 сыныптар (әр сыныптан 1 оқушы қатысады.)

Мақсаты: Қазақ қызына тән мінез – құлықты дәріптеу,салт – дәстүрімізді білу, құрметпен қарауға үйрету. Эстетикалық, шығармашылық – іскерлігін арттыру. Талғампаздық, қиялын дамыту. Сахнада өзін-өзін ұстауға, мәдениеттілікке  және  өз ойын жеткізіп сөйлеуге дағдыландыру.

Номерленген жапырақтарды таңдап алып, реттіліктерін анықтап алды. берілген номерлермен.

 5-7 сыныптар

9

Шайзада Інжу

5 «А»

4

Совет Нұрай

5 «Ә»

5

Абдуллаева Анель

5 «Б»

3

Қожахмет Жұлдызай

6 «А»

8

Мирамбек Жәния

6 «Ә»

2

Абдолла Гүлназ

6 «Ә»

7

Бақытжанқызы Ақерке

6 «Б»

10

Дүйсеналиева Аружан

7 «А»

1

Бақытжанқызы Гүлімжан

7 «Ә»

6

Қалқаман Шұғыла

7 «Б»

 8-9 сыныптар

3

Абдолл Айжан

8 «А»

2

Өтеген Айдана

8 «Ә»

4

Құрышбай Аида

9 «А»

1

Сахитжанова Жаннұр

9 «Ә»

5-7  сыныптардан қатысушы аруларымыз  бөлек бағаланды.

8-9  сыныптар арулары бөлек бағаланды.

 

Байқаудың шаттары:

  1. «Мен қазақтың қызымын» – сайыстың алғашқы кезеңінде арулар өз-өздерін таныстыруы қажет; (3 минуттан аспау)
  2. «Білім мен дәстүр» кезеңінде арулар салт-дәстүрге қатысты қойылған сұрақтарға жан-жақты, толық жауап беруге тиісті;
  3. «Қыздың көркі – шаш» – сайыстың бұл кезеңінде арулар шашты халықтық және т.б.  тәсілмен күтуге байланысты жарнама жасайды; (Видеоролик, презентация, фото  т.б.) (5 минуттан аспау)
  4. Шығармашылық сайыс. (Өз өнерін көрсету) (5- минуттан аспау)

Әділқазылар:

- Директордың оқу ісі жөніндегі  орынбасары:  Ауханова Лилия Серікқызы.

- Кітапхана меңгерушісі: Рамазанова Асел

- Математика пәнінің мұғалімі: Еділбай Гүлшара

1 кезеңінде: «Мен қазақтың қызымын» атты таныстыру кезеңі.  Барлық қатысушылар өздерінің таныстыруыларын көрсетті.

2 кезеңінде: «Білім мен дәстүр» кезеңінде арулар салт-дәстүрге қатысты қойылған сұрақтарға жан-жақты, толық жауап беруге тиісті;

Сұрақтар  әділқазылар алдында орналасқан  сұрақтарды таңдап алып, толық жауап беруге тырысты.

(Кезекпен жүргізуші шақырады, сұрақтарына жауап берілді) 

Сұрақтар:

  1. Түйенің сүтінен қандай сусын жасалады және  тағыда басқа қандай тағамдар жасалады. (шұбат)
  2. Жүннен жасалған бұйымдарды атаңыз. (киіз)
  3. Сәндік бұйым жасайтын адамды ата. (зергер)
  4. Ұлыс күні жасалатын тағам, құрамын ата. (Наурыз көже)
  5. Балаға байланысты қазақ халқының мерекелері (шілдехана, сүндет той, тілашар)
  6. Адамның 12 жылда бір келетін жас мөлшерінің өлшемі. Мүшел жастарды реттілігімен ата. (мүшел жас)
  7. Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата. (күрес, аударыспақ, бәйге, теңге алу)
  8. Тыйым сөздердің бірнешеуін айт.
  9. Қазақ қызының   ұлттық киімдерін ата.(шапан, сәукеле)
  10. Ана туралы екі мақал айт.
  11. «Байғазы» деген не? (балалардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай, заттай сыйлық)
  12. Қазақ халқының тарихында қандай хандар өткен? (Абылай, Әбілқайыр, Тәуке, Жәңгір)
  13. Қазақ халқының тарихында қандай батырлар өткен? (Қабанбай, Бөгенбей, Кенесары)
  14. Қазақ халқының тарихында қандай билер өткен? (Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би)
  15. «Айдар» деген не? Не үшін қойылған! (Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, өріп қояды. Ер балаға жасалады)
  16. «Базарлық» деген не? (Алыс сапарға, саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі)

3 кезеңінде:  «Қыздың көркі – шаш» – сайыстың бұл кезеңінде арулар шашты халықтық және т.б.  тәсілмен күтуге байланысты жарнама жасайды; (Видеоролик, презентация, фото  т.б.) (5 мин . Күнделікті өмірде  шашты күтіп, оны тарап, әдемілеп жинаудың өзі – өнер. Сайыстың осы кезеңінде қыздар шашты халықтық тәсілмен күтуге байланысты жарнама жасаулары тиіс.

(Қатысушылар кезекпен шығып жұмыстарын презентация арқылы және видеороликтер арқылы көрсетіп қорғады.)

1 ші: 5-7 сыныптар

2 ші: 8-9 сыныптар

4 Кезеңінде:  Шығармашылық сайыс. (Өз өнерін көрсету) (5- мин)

(Кезекпен шығып  өнерлерін көрсетті.)

Әділқазылар шешімі:

5-7 сыныптар арасында  «Күз аруы» 5 «Б» сынып оқушысы Абдуллаева Анель иеленді.

8-9 сыныптар арасында «Күз аруы» 9 «Ә» сынып оқушысы Сахитжанова Жаннұр иеленді. (Жеңіске жеткен арулар марапатталады)

Қатысушылар төмендегідей  номинациялар берілді.

«Білімді ару»

«Инабатты ару»

 «Өнерлі ару»

 «Сымбатты ару»

 «Ақылды ару»

«Креативті ару»

«Жаңашыл ару»

«Шығармашыл ару»

«Тәрбиелі ару»

«Бұрымды ару»