КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ!!!

Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесі 72г мекен жайында орналасқан «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің №282 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары бос орнына конкурс жариялайды.

Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (ҚР Оқу-ағарту министрінің 15.08.2023 № 259 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.08.2023 № 343 бірлескен бұйрығымен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – 2 (бір) бос орны.

Конкурсқа қатысушылардың біліктілігіне қойылатын талаптар:

*тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

* және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.

Лауазымдық міндеттері:

*оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады;

*оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін талдайды;

*мемлекеттік стандарттың, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуы, сондай-ақ құжаттаманың әзірленуі бойынша педагогтердің жұмысын үйлестіреді;

*педагогтердің қысқа мерзімді жоспарларын тексереді;

* мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты шеңберінде білім беру процесінің сапасын және білімді игеру нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады;

* ағымдағы және қорытынды аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады;

* білім беру процесіне жаңа тәсілдерді, тиімді технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді. *қашықтықтан оқытуды өткізу процесін ұйымдастырады, барлық сыныптар үшін *Қашықтықтан оқытудың оқу бағдарламасын және сабақ кестесін түзетеді.

*пәндер бойынша мектепішілік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, білім бөлімін жүргізеді, мектепішілік бақылау, БЖБ және ТЖБ қорытындысы бойынша білім сапасын талдайды.

* пәндер бойынша білімді тақырыптық бақылауды қамтамасыз етеді;

* білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылауды жүзеге асырады, оқу сабақтарының, курстардың және оқу жұмыс жоспарының вариативтік компонентінің сабақтарының кестесін жасайды;

* білім алушылар мен педагогтердің олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысуын ұйымдастырады;*ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді;

*білім беру ұйымының пәндік әдістемелік бірлестіктері мен эксперименттік жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық жұмысты және оны талдауды қамтамасыз етеді;

* педагогтердің тиімді тәжірибесін тарату бойынша шараларды жинақтайды және қабылдайды;

*тәлімгерлік, біліктілікті арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау) жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

*оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандыру бойынша жұмысты жоспарлайды және ұсыныс енгізеді, пән мұғалімдерімен бірлесіп баламалы оқулықтарды таңдауды жүзеге асырады, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді, оның ішінде электрондық оқулықтар мен цифрлық ресурстарды сатып алуға, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыруға өтінім ұйымдастырады;

*жыл сайын кітапхана қорын әдебиеттермен толықтыруға өтінім береді;

* оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

* белгіленген есептік құжаттаманы сапалы және уақтылы жасауды қамтамасыз етеді және кері байланысты ұсына отырып, педагогтердің сабақтарын талдайды;

* оқу процесін жетілдіру бойынша әдістемелік сағаттар, оқыту семинарлары, тренингтер өткізеді;

*педагогикалық кеңестердің күн тәртібі мен материалдарын дайындайды;

* білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

педагогика және психология негіздері;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу бағдарламалары, үлгілік оқу жоспарлары, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

педагогикалық этиканың нормалары;

менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

57. Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.

"Арнайы білім" бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы 2 жыл;

және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын лауазымдық міндеттері мен біліктілік талаптары туралы қосымша анықтаманы «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің №282 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қағаз және электронды түрде (Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.) қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде (2024 жылғы 10 қыркүйек сағ. 18.00-ге дейін)

Конкурс 2024 жылдың 10 қыркүйек күні «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «№282 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын лауазымдық міндеттері мен біліктілік талаптары туралы қосымша анықтаманы «№282 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен алуға болады. Тел: 8(7242)70 95 50

Мемлекеттік білім беру

ұйымдарының бірінші

басшылары мен педагогтерін

лауазымдарға тағайындау,

лауазымдардан босату

қағидаларына

15-қосымша

Нысан

__

Конкурс жариялаған мемлекеттік орган

____

(үміткердің Т.А.Ә. (бар болса)), ЖСН

____

(лауазымы, жұмыс орны)

____

____

Нақты тұрғылықты жері, тіркелген мекен-жайы, байланыс телефоны

Өтініш

Мені бос/уақытша бос лауазымдық конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын (қажетінің астын сызыңыз)

____

білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)

Қазіргі уақытта жұмыс істеймін

____

білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)

Өзім туралы келесіні хабарлаймын:

Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейін

Оқу орнының атауы

Оқыту кезеңі

Диплом бойынша мамандық

Жүктеу

Біліктілік санатының болуы (беру (растау) күні):

___

Педагогикалық жұмыс өтілі: __

Келесі жұмыс нәтижелері бар:___

Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса)

____

Мемлекеттік білім беру

ұйымдарының бірінші

басшылары мен педагогтерін

лауазымға тағайындау,

лауазымнан босату

Қағидаларына

16-қосымша

Нысан

Бос немесе уақытша бос педагог лауазымына үміткердің бағалау парағы

________________________________________________________

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

№ Өлшем шарттар

Растайтын құжат

Балл сандары

(1-ден 20-ға дейін)

1.Білім деңгейі

Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері

Техникалық және кәсіби = 1 балл

Жоғары күндізгі = 2 балл

Жоғары күндізгі үздік= 3 балл

Магистр = 5 балл

2.Ғылыми/академиялық дәрежесі

Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері

PHD-доктор = 10 балл

Ғылыми доктор = 10 балл

Ғылыми кандидат = 10 балл

3.Жұмыс өтілі жоқ үміткерлер үшін сертификаттау

Сертификат

"Педагог" Біліктілік санаты - 5 балл

4.Біліктілік санаты

Жеке куәлік, басқа құжат

Педагог-модератор = 3 балл

Педагог-сарапшы = 5 балл

Педагог-зерттеуші = 7 балл

Педагог-шебер = 10 балл

5.Әкімшілік және әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесі

Еңбек кітапшасы/еңбек қызметін растайтын басқа да құжат

Әдіскер (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 1 балл

Директордың орынбасары (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 3 балл

директор (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 5 балл

6.Алғаш рет жұмысқа тұрған педагогтер үшін

Білімі туралы дипломның қосымшасы

Педагогикалық/ кәсіби тәжірибенің нәтижелері "өте жақсы" = 1 балл

"жақсы" = 0,5 балл

7.Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыныс хат

Ұсыныс хат (Конкурсты өз бетінше жариялаған білім беру ұйымы соңғы жұмыс/оқу орны бойынша ұйымға/оқу мекемесіне өтініш жасайды)

Оң ұсыныс хатының болуы = 3 балл

Теріс ұсыныс хатының болуы = минус 3 балл

8.Кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштері

- дипломдар, білім алушылардың олимпиадалар және конкурстар, ғылыми жобалар бойынша жеңімпаздардың грамоталары;

- дипломдар, мұғалімнің олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздарының грамоталары;

- мемлекеттік награда

1) олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары = 0,5 балл

ғылыми жобалардың = 1 балл

2) олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары - 3 балл "Үздік педагог" конкурсына қатысушы = 1 балл

"Үздік педагог" конкурсының жеңімпазы = 5 балл

"Қазақстан еңбек сіңірген ұстазы" медаль иегері = 10 балл

9.Әдістемелік қызметі

-авторлық шығармалары, басылымдары

ҚР БҒМ тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 5 балл

РОӘК тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 2 балл

БҒССҚЕК, Scopus тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы - 3 балл

10.Қоғамдық-педагогикалық қызметі

Қоғамдық-педагогикалық қызметін растайтын құжат

тәлімгер = 0,5 балл

ӘБ басшылығы = 2 балл

Екі тілде сабақ беру, орыс/қазақ = 2 балл

шетел/орыс немесе шетел/қазақ = 3 балл,

үш тілде сабақ беру (қазақ, орыс, шетел) = 5 балл

11.Курсқа дайындық

- пәндік дайындық сертификаттары;

- цифрлық сауаттылық,

КАЗТЕСТ,

IELTS;

TOEFL;

DELF сертификаттары;

Goethe Zertifikat, "Python тілінде бағдарламалау негіздері" программалары бойынша оқыту, "Microsoft"

Курсера жұмыстарына оқыту

Халықаралық курстар:

TEFL Cambridge

"CELTA

(Certificate in Teaching English to Speakers of Other Languages)"

CELT-P (Certificate in English Language Teaching – Primary)

DELTA (Diploma in Teaching English to Speakers of Other Languages)

CELT-S (Certificate in English Language Teaching – Secondary)

"TKT

Teaching Knowledge Test"

Certificate in EMI Skills (English as a Medium of Instruction)

Teacher of English to Speakers of Other Languages (TESOL)

"TESOL"

Certificate in teaching English for young learners

International House Certificate in Teaching English as a Foreign Language (IHC)

IHCYLT - International House Certificate In Teaching Young Learners and Teenagers

Becoming a Better Teacher: Exploring Professional Development

Assessment for Learning: Formative Assessment in Science and Maths Teaching

Online Teaching for Educators: Development and Delivery

Educational Management

Key Ideas in Mentoring Mathematics Teachers

Курсы на платформе Coursera, Futute learn

Teaching Mathematics with Technology

Special Educational Needs

"Developing expertise in teaching chemistry "

ПШО, НЗМ, "Өрлеу" курстары

= 0,5 балл

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына сәйкес тізбеге енгізілген біліктілікті арттыру ұйымдары іске асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30068 болып тіркелген)

= 0,5 балл (әрқайсысы бойынша жеке)

12.Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түлегі, "Дипломмен ауылға!", "Серпін" мемлекеттік бағдарламаларының қатысушысы, Жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі бойынша жіберілген педагог

Мемлекеттік білім беру гранты иегерінің сертификаты, келісім-шарты

3 балл қосылады

Барлығы