“ҮЗІЛІС TIME”
Мектебімізде 18 қыркүйек күні білім алушылардың қоңырау уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында музыка пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен бастауыш сыныптар арасында "Сыр сандығым ашылды" атты музыкалық “Үзіліс time" жобасы өткізілді.
Мақсаты: оқушыларды ұлттық құндылықтарды, ұмыт бола бастаған көне аспаптармен таныстыру. Оқушыларды музыка тыңдауға, оны сапалы түрде жеткізе білуге баулу. Балалардың музыкалық мәдениеттілігін қалыптастыру. Ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.