«Күз аруы -2021» байқауы
Өтетін күні: 20.10.2021
Сағ: 12.00
Қатысушылар: 5-7, 8-9 сыныптар (әр сыныптан 1 оқушы қатысады.)
Мақсаты: Қазақ қызына тән мінез – құлықты дәріптеу,салт – дәстүрімізді білу, құрметпен қарауға үйрету. Эстетикалық, шығармашылық – іскерлігін арттыру. Талғампаздық, қиялын дамыту. Сахнада өзін-өзін ұстауға, мәдениеттілікке және өз ойын жеткізіп сөйлеуге дағдыландыру.
1 - ші жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгін мектебімізде «11 қазан Халықаралық қыздар күніне» орай, керемет табиғаттың түлеп жатқан мезгілінде «Күз аруы» байқауын тамашалауға қош келдіңіздер! Олай болса бүгінгі байқауымыздың қатысушы аруларын ортаға шақырып танысып алайық.
2 - ші жүргізуші:
5-7 сыныптар
|
Шайзада Інжу |
5 «А» |
|
Совет Нұрай |
5 «Ә» |
|
Абдуллаева Анель |
5 «Б» |
|
Қожахмет Жұлдызай |
6 «А» |
|
Айдарбек Алина |
6 «А» |
|
Мирамбек Жәния |
6 «Ә» |
|
Абдолла Гүлназ |
6 «Ә» |
|
Бақытжанқызы Ақерке |
6 «Б» |
|
Дүйсеналиева Аружан |
7 «А» |
|
Бақытжанқызы Гүлімжан |
7 «Ә» |
|
Қалқаман Шұғыла |
7 «Б» |
1 - ші жүргізуші:
8-9 сыныптар
|
0 |
8 «А» |
|
Өтеген Айдана |
8 «Ә» |
|
Құрышбай Аида |
9 «А» |
|
Сахитжанова Жаннұр |
9 «Ә» |
5-7 сыныптардан қатысушы аруларымыз бөлек бағаланатын болады.
8-9 сыныптар арулары бөлек бағаланатын болады.
Қатысушыларымыздың өнер көрсету реттілігін нақтылап алайық! Сандықшадан сандар алыңыздар және әділқазыларға көрсетіп, айтып жіберіңіздер!
2 - ші жүргізуші:
- Құрметті көрермен! Бүгінгі «Күз аруы» байқауында сынға түсіп жатқан сұлуларымыздың өнерлерін бағалап әділдік асауға келген әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1 Жүргізуші:
- Сонымен, сайысымыз 4 сынақтан тұрады:
Шарттары:
- «Мен қазақтың қызымын» – сайыстың алғашқы кезеңінде арулар өз-өздерін таныстыруы қажет; (3 минуттан аспау)
- «Білім мен дәстүр» кезеңінде арулар салт-дәстүрге қатысты қойылған сұрақтарға жан-жақты, толық жауап беруге тиісті;
- «Қыздың көркі – шаш» – сайыстың бұл кезеңінде арулар шашты халықтық және т.б. тәсілмен күтуге байланысты жарнама жасайды; (Видеоролик, презентация, фото т.б.) (5 минуттан аспау)
- Шығармашылық сайыс. (Өз өнерін көрсету) (5- минуттан аспау)
2 Жүргізуші:
-Сонымен, қатысушы ару қыздарға ақ жол тілеп, сайысымызды бастаймыз. Сайыскерлер реті жеребе бойынша мынадай.
-Сайысымыздың алғашқы кезеңі – «Мен қазақтың қызымын» атты таныстыру кезеңі.
(Жүргізушілер кезекпен шығып таныстырылым жасайды. Жүргізушілер хабарлап отырады.)
1 ші: 5-7 сыныптар
2 ші: 8-9 сыныптар
1 Жүргізуші:
-Жас ару – жас ғұмырдың талғамысың,
Қуантқан әрбір үйді арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап сыналарда
Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқын, – дей келе «Білім мен дәстүр» кезеңінде арулар салт-дәстүрге қатысты қойылған сұрақтарға жан-жақты, толық жауап беруге тиісті;
Сұрақтар әділқазылар алдында орналасқан сұрақтарды таңдап алып, толық жауап береміз!
(Кезекпен жүргізуші шақырады, сұрақтарына жауап береді)
1 ші: 5-7 сыныптар
2 ші: 8-9 сыныптар
Сұрақтар:
- Түйенің сүтінен қандай сусын жасалады және тағыда басқа қандай тағамдар жасалады. (шұбат)
- Жүннен жасалған бұйымдарды атаңыз. (киіз)
- Сәндік бұйым жасайтын адамды ата. (зергер)
- Ұлыс күні жасалатын тағам, құрамын ата. (Наурыз көже)
- Балаға байланысты қазақ халқының мерекелері (шілдехана, сүндет той, тілашар)
- Адамның 12 жылда бір келетін жас мөлшерінің өлшемі. Мүшел жастарды реттілігімен ата. (мүшел жас)
- Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата. (күрес, аударыспақ, бәйге, теңге алу)
- Тыйым сөздердің бірнешеуін айт.
- Қазақ қызының ұлттық киімдерін ата.(шапан, сәукеле)
- Ана туралы екі мақал айт.
- «Байғазы» деген не? (балалардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай, заттай сыйлық)
- Қазақ халқының тарихында қандай хандар өткен? (Абылай, Әбілқайыр, Тәуке, Жәңгір)
- Қазақ халқының тарихында қандай батырлар өткен? (Қабанбай, Бөгенбей, Кенесары)
- Қазақ халқының тарихында қандай билер өткен? (Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би)
- «Айдар» деген не? Не үшін қойылған! (Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, өріп қояды. Ер балаға жасалады)
- «Базарлық» деген не? (Алыс сапарға, саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі)
2 Жүргізуші:
-Сайыстың шарықтау сәті деп осы кезеңімізді атауға болады. «Қыздың көркі – шаш» – сайыстың бұл кезеңінде арулар шашты халықтық және т.б. тәсілмен күтуге байланысты жарнама жасайды; (Видеоролик, презентация, фото т.б.) (5 мин . Күнделікті өмірде шашты күтіп, оны тарап, әдемілеп жинаудың өзі – өнер. Сайыстың осы кезеңінде қыздар шашты халықтық тәсілмен күтуге байланысты жарнама жасаулары тиіс.
(Қатысушылар кезекпен шығып жұмыстарын ұсынады.)
1 ші: 5-7 сыныптар
2 ші: 8-9 сыныптар
00
1 Жүргізуші:
Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан.
Көркің қандай нұрлы еді,
Таң шолпанмен астасқан.
Өнеріңді қане бүгін көрсетші,
Мына жұртқа қошеметтеп қол соққан, – дей отырып, аруларды өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.
Шығармашылық сайыс. (Өз өнерін көрсету) (5- мин)
(Кезекпен шығып өнерлерін көрсетеді, жүргізуші хабарлайды.)
1 ші: 5-7 сыныптар
2 ші: 8-9 сыныптар
1 Жүргізуші:
Жас ару алынбаған асуларсың,
Бүгінгі мерекеде тасудасың.
Халқымыздың әрқашанда үлгісі боп,
Күш-қайратың әрқашанда тасқындасың.
Өнермен өрге жүзіп шарықтадың,
Мақсатыңды талаппен анықтадың.
Сан қырлы таза гауһар секілденіп,
Қуантады өзіңді танытқаның, – дей келе қазылар алқасына сөз кезегін ұсынамыз.
(Жеңіске жеткен арулар марапатталады)
2 Жүргізуші:
-Сонымен, сайысымыз аяқталды. Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді, өнерлеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңіздер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз. Келесі кездесенше сау-саламат болыңыздар.
«Білімді ару»
«Инабатты ару»
«Өнерлі ару»
«Сымбатты ару»
«Ақылды ару»
«Креативті ару»
«Жаңашыл ару»
«Шығармашыл ару»
«Тәрбиелі ару»
«Бұрымды ару»