«Қазақтың ұлы ойшылдары» тақырыбындағы әдеби кеш
АНЫҚТАМАСЫ
«Алаш көсемі» Әлихан Бөкейханов туғанына 155 жыл, «Тіл білімінің атасы» Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл.
Мақсаты:
Оқушыларға алаштың «Алаш» көшбасшысы Әлихан Бөкейханов және Ахмет Байтұрсынов пен таныстыра отырып, адамгершілік, рухани тәрбиеге тәрбиелеу. Қазақ автономиясының құрылуы туралы ақпарат беру. Тәуелсіз ел болу жолында тер төккен азаматтарды насихаттау, таныту.
Әдеби кешке 8-9 сыныптың оқушылары қатысты, кешті мектептің оқу тәрбие орынбасары Тұрымтаева Ботакөз ашты, мектептің пән мұғалімдері: Қалиева Есенкүл, Қойшыбай Нұрсәуле, Ықылас Арун және 8-9 сынып оқушылары тамашалады. Кеште Әлихан Бөкейханов және Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығымен таныстырылды. Кітаптарының көрмесі жасалып таныстырды. Патриоттық әндер орындалды. Өлеңдерін оқылды.
Кештің барысы:
Жүргізуші: Гүлназым, Ақжібек
- Презентация: Әлихан Бөкейханұлы – Шайзада Самал
- Презентация: Ахмет Байтұрсынов – Әлібек Аружан
- «Алаш» партиясының құрылуы: Дархан
- «Досыма хат» - Абдолла Айжан 8 «А»
- «Аққу, Шортан һәм Шаян» -
- «Жұртыма»
- «Көзімнің қарасы» әні орындайтын –Абдолла Айжан
- «Әлихан және Алаш» тақырыбында бейнеролик
- «Қазақстан, Алға!»
- «Ә. Бөкейханның – қазақ әдебиетіндегі орны. –
- «Малшы мен Маса»
- «Иттің достығы»
- «Сен білмейтін қызықты мәліметтер»
- «Атамекен» әнімен аяқталады. Оқушылар
Оқушылар белсенді қатысып, «Алаш көсемдері» Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтың өмірі, шығармашылығы және Алаш партиясы туралы мәліметтер алды, елге жасаған ерен еңбегін түсінді, білді.
Педагог-ұйымдастырушы: Н. Ж. Қисықова
А.Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің терминологиясын жасаушы. Кез келген ғылымды оқып білу, меңгеру немесе оны өзгелерге үйрету сол ғылым саласында қолданатын арнаулы ұғым атауларынсыз мүмкін емес. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ғалым ретінде А.Байтұрсынұлы осы ғылым саласындағы негізгі ұғымдарды және олардың өзара байланысын анықтап, яғни қазақ тілінің табиғатын көрсететін ұғымдар жүйесі» түзумен қатар, сол ғылыми ұғымдардың атауларын да тұңғыш рет жасады. А.Байтұрсынұлының 1912 жылы Орынборда жарық көрген «Оқу құралының» (қазақша әліппе) өзінен буын, дыбыс, нүкте, дауысты дыбыстар, жарты дауысты дыбыс, дәйекші, жіңішкелік белгісі, хәріп (әріп) сияқты терминдерді ұшыратуға болады. Ал 1914-1915-жылдары және одан кейінгі жылдары 1928 жылға дейін бірнеше дүркін басылып тұрған «Тіл-құрал» оқулықтарында (қазақ тілінің сарфы) әбден қалыптасып, бүгінгі күнге дейін қолданылып жүрген және қолданыла беруге тиіс зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, қосымша, жалғау, жұрнақ сияқты терминдер жүздеп кездеседі. Ғалым еңбектерінен қимыл атау формасымен келетін аңдау, ауыстыру, әсірелеу, әсерлеу, байымдау, бернелеу, бүкпелеу, дамыту, кейіптеу, көріктеу, мезгеу, меңзеу, теңеу, түйдектеу, үдету, шендестіру сияқты әдебиет тану терминдері мен демеу, жалғау, үстеу, шылау тәрізді тіл білімі терминдерін көптеп кездестіруге болады.
Сұлтанхан Аққұлұлының зерттеулеріне сүйенсек, Әлихан Бөкейханұлының қазақ тілді баспасөз бетіндегі бүркеншік есімі «Қыр баласымен» ғана шектелмейді. Қазақ тілді басылымдарда жоғарыда аталған есіммен қатар, «Ғалихан», «Ғ.Б.» немесе «Ә.Б.», «Ә. Н.», «Арыс ұлы», «Түрік баласы», «Қалмақбай» және «V» сияқты бүркеншік аттары ұшырасады. Арасында бұрындары естімеген, таңсық есімдер де бар. Олар көбіне орыс тілінде жарияланған мақалаларға тән. Айта кетсек, «А.Н.», «Мусульманин», «Киргиз», «Степняк», «Киргиз - Степняк», «Дала баласы», «Туземец», «V», «А.Б.», «Статистик», «Киргиз – кайсак», «Алихан», «Ал. Кочевник». Сонымен қатар, «Уак», «Читатель», «Наблюдатель», «Обыватель» және «Н.Ш.» сияқты беймәлім есімдермен жарияланған мақалалар авторының қолтаңбасы Әлихан Бөкейханұлына тән дейді зерттеуші.